“Қытай тілі кафедрасының ашық есік күні”

Жаңалықтар 新闻 No Comments on “Қытай тілі кафедрасының ашық есік күні” 28

07.04.2011

6 сәуір күні Филология факультетінің «Ашық есік күндері-2011» іс-шаралары аясында Қытай тілі кафедрасы «Қытай тілі: Қазақстан және Қытай елдерінің ынтымақтастығы» атты мәдени-танымдық кеш өткізді. Кешке филология факультетінің деканы ф.ғ.д, профессор Жарқынбекова Шолпан Құзарқызы мен қатар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуцзы институты директорының міндетін атқарушы Нарымбетова Камила Кеңесбекқызы қатысты.

Сондай-ақ аталмыш шараға Астана қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары шақырылып, оларға «Шетел филологиясы: қытай тілі» мамандығының артықшылықтары мен пайдалы тұстары дәріптелді. Мәдени-танымдық шараны ашып, алдымен сөз алған факультет декан Шолпан ханым факультет жанынан жаңадан ашылып жатқан Қытай тілі кафедрасының болашақта табысты еңбек етулеріне тілектестік білдіре келе, жиналған жоғарғы сынып оқушыларына қытай тілінің қазіргі таңдағы маңыздылығына кеңінен тоқталып өтті.

Бұдан кейін сөз алған кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы қытай тілінің Қазақстан үшін өзектілігіне тоқтала келе, «Шетел филологиясы: қытай тілі» мамандығын тәмамдаған мамандардың болашақта қандай салаларда қызмет атқара алатындығы жайлы толық мағлұмат берді. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамымен таныстырып, студенттерге сапалы әрі кемел білім бере алатындықтарын атап өтті.

Конфуцзы институты директорының міндетін атқарушы Нарымбетова К.К. қытай тілі кафедрасы ұжымын жаңадан құрылуларымен құттықтай келе, конфуцзы институты атынан кафедраға кітаптар сыйлады. Қытай тілі кафедрасының оқу-әдестемелік істеріне жауапты оқытуышы Бижанова Диана үстіміздегі жылдың мектеп түлектеріне қытай тілін оқу қазір көп жандар үшін қызық болса, болашақта қытай тілі қажеттілікке айналатындығын алға тартты. Ерекше қарқынмен дамып келе жатқан қазақ-қытай көпжақты қатынастарының болашақта қытай тілін жетік білетін қазақстандық мамандарға деген сұранысы артатындығын баса айтты.

Бұдай кейін жиналған қауым үшін шағын концерттік бағдарлама көрсетілді. Кафедра оқытушылары мен университетіміздің қытай тілін оқитын студенттер қытайша ән айтып, өлең оқып, би биледі. Сонымен қатар студенттер қытай каллиграфиясы мен қытайдың ұлттық ойындарынан көріністер көрсетті.

Оқи отырыңыз

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!