ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

Жаңалықтар 新闻 1 Comment on ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҒАЙЫН! 353

Бар қылсын, бай қылсын,

Төрт түлікті сай қылсын,

Кетпес дәулет берсін,

Тозбас сәулет берсін.

Бастарыңа бақ қонсын,

Қазаныңа ас толсын.

Қалталарың тоқ болсын,

қайғы-уайым жоқ болсын.

Көре алмаған қаскөйдің,

Іші күйіп шоқ болсын.

Ризық, нәсібің тасып,

Көйлектерің көк болсын.

Бала-шағаң ер жетіп,

Қырық рулы ел болсын,

Дұспандарың жер болсын,

Дәулетің шалқып, сел болсын,

Пейілдерің кең болсын!

Ұлысымыз оң болсын!

Той-қуаныш мол болсын!

Қайда барсақ жол болсын!

Біздің бата сол болсын.

ӘУМИН!!!

Ізгі тілекпен Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ

Оқи отырыңыз

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!