МАДАҚ ЖЫРЫ

Поэзия 新诗 3 Comments on МАДАҚ ЖЫРЫ 187

МАДАҚ ЖЫРЫ


Ағарып ақ таң атқаны үшін,
Жарық нұр жерді жапқаны үшін.
Ғаламның мынау ақтарып ішін,
Қызарып күннің  батқаны үшін –
Аллаға мадақ!

Өзеннің тулап аққаны үшін,
Көлдердің көлкіп жатқаны үшін,
Тірі жан болып шапқаның үшін,
Тірліктен талшық тапқаның үшін –
Аллаға мадақ!

Аязы менен аптабы үшін,
Пәниде сор мен бақ бары үшін,
Ыстық қан бойда аққаны үшін,
Жүрекке сәуле жаққаны үшін –
Аллаға мадақ!

Жазира дала, таулары үшін,
Бал-шырын   нәсіп   –  бау-бағы үшін,
Аспаннан ырыс жауғаны үшін,
Емшегін жердің сауғаның үшін –
Аллаға мадақ!

Ай менен күннің   аманы үшін,
Шекеңе жазған заманы үшін,
Ауысқан маусым, амалы үшін,
Дауылы, желі, самалы үшін –
Аллаға мадақ!

Жер менен көктің арасы үшін,
Иманның шексіз бағасы үшін,
Адамның ғана баласы үшін,
Жіберген ақыл-санасы үшін –
Аллаға мадақ!

Ләмәкән, оның тұрағы үшін,
Жіберген ұлық «Құраны» үшін,
Мақшарда болар сұрағы үшін,
Жұмақтың жұпар бұлағы үшін –
Барлық мадақ, Саған емес,
бір АЛЛАҒА!!!

Оқи отырыңыз

3 Comments

  1. Несібелі 7 Мамыр 2012 at 10:49

    Тамаша жырлардың інжу-маржанын төгуге адамға, соның ішінде Сізге берген тіл қуаты үшін де АЛЛАҒА МАДАҚ! Қазақ тілінің адамның қандай сезімін де бере алар қуатын Ахмет Байтұрсынұлының:”Тілдің міндеті – адамның ақылы аңдауы жеткенінше, көңілдің түюі түйгенінше, қиялының меңзеуі меңзегенінше айтуға жарау. Айта алатын адамы табылса, тіл шама-қадырынша жарайды, айта алатын адам табылуы қиын,”- деген сөзінен артық тани алармыз ба!.. Айта алатын адамдардың қатарында Сіздің де болғаныңызға қуаныштымын. Қаламыңыздан тек адамды өсіретін қуатты сөздер төгіле берсін!

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!