Жаншуақ

Поэзия 新诗 No Comments on Жаншуақ 50

Жаншуақ

Менің  ұлы  туған  елім, ар-намыстың  жалауы,
Өзің  барда  мәңгі өшпейді рухымның  алауы.
Мендегі  бар арман-үміт  жаратылған   өзіңнен
Бойдағы  қан, кеудеде  жан  –  сенің  ғана  қалауың.


Менің  ұлы туған  тілім, Тәңірімдей  ардағым,
Сенсің  менің  бойтұмарым, мақтанышым,  бар  малым.
Мендегі бұл  сана-сезім  жаратылған  өзіңнен,
Өзің  барда  мәңгі  нұрлы  менің атқан   таңдарым.

Менің  ұлы  туған  далам, сай-саласы  тұнған  нұр,
Мейіріміңе  шөлдеп  келдім, сарығымды  бір  қандыр.
Мендегі бұл  жан да, тән  де  жаратылған  өзіңнен,
Төрім  түгіл,  көрімді  де  шуағыңмен  нұрландыр.

Оқи отырыңыз

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы :

Back to Top