Ормандар көші

Поэзия 新诗 No Comments on Ормандар көші 54

Ормандар  көші

Түннің  тұп-тура  жарымында,
Он  бесте  толған  айдың  жарығында.
Қара  орман  күбірлесті.
«Көшейік  бүгін»  десті.
Осыны  мақұлдасты,
Тау-таспен   бақұлдасты…

«Тездеңдер!  Үркер  ауып  кетті…»  десіп,
Бір-біріне «жол  болсын!»  деп  тілесіп.
Тау-тасын – ата   жұртын  тастады  да
Қара  орман бір-ақ   түнде  кетті  көшіп.

Қолдағанменен  Тәңірі,
Табылғанменен   сарығы.
Көшпелі  қара  орманның –
Тауында  қалды  тамыры.

Оқи отырыңыз

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы :

Back to Top