Өлең мен Өлім немесе Махаббаттың құдіреті

Поэзия 新诗 No Comments on Өлең мен Өлім немесе Махаббаттың құдіреті 62

Өлең мен Өлім  немесе Махаббаттың құдіреті


«Көлеңкеңді  бір  көрсем»  деп  армандап,
Жиі  өтемін  үйлеріңнің  тұсынан.
Кейде  әкең  қараң   ете  қалғанда,
Зәремді  де,  иманды  да   ұшырам.

Бардым  тағы  үйлеріңе  кеше  мен,
Терезеден  бұлғамадың  қолыңды.
Жүріп келем  сен  жүретін  көшемен,
Бұрынғыдай  торымаймын  жолыңды.

Бір  жаңалық, – мен  шылымды   бастадым,
Көзім  алды   будақ-будақ   көк тұман.
Сен  жалт   еттің   көз алдымда қас-қағым,
Іздеп  мені  келгеніңе  жоқ  күмән.

Міне  мынау  біз  жүретін   саябақ,
Бақ  емес  бұл,  уақыттың  ұрысы.
Жерде  жатқан  жапырақты  аялап,
Жүре  алмадым, (баса алмадым – дұрысы).

Кері  қайтым, барар  бағыт  жоқ  менде,
Жапырақтар  жайрап  жатты   жолымда.
Үйлеріңнің  дәл  тұсынан  өткенде,
Құйды   нөсер (бақытым  ба,  сорым  ба?!)

Жандалбаса  бір   қалқаға  ықтадым,
Сен   жарқ еттің  найзағайдың  нұрындай.
Мен  өзіңе  айтар  сөзді  жұптадым,
Кетіп  қалдың,  маған  сәтке  бұрылмай.

Ұмтылмадым,  қусам  мүмкін  жетер  ем,
Жапырақтар  жауып  кетті  төбемнен.
Саған  еріп  бақилыққа   кетер ем,
Қоштаса  алмай  әлі  жүрмін  өлеңмен…

Оқи отырыңыз

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!