Елес

Поэзия 新诗 2 Comments on Елес 67


Мен  саған   келіп  едім  пана  тілеп,
Қақпаңда  түн  отырды  қара  түнек.

Кері  қайттым, іздедім  көшелерден,
Уақыттан  сұрадым  кешегі  өлген.

Мен  сені  Тәңіріммен  егіз  деймін,
Жан  қысылса   шарқ  ұрып  сені  іздеймін.

Сені  іздедім  Тұранның  даласынан,
Сені  іздедім  тұманның  арасынан.

Сені  іздедім   жазымнан, қысымнан  да,
Қол ұшын  бір  берер  деп  қысылғанда.

Әдетімен  ежелгі  ғашықтардың,
Ту  сыртымнан  көзімді  басып  қалдың…

Жалт  қарадым, бұрылмай  кете  бардың,
Қап-қараңғы   түнек   түн  екен  алдың.

Көзімді  ілсем,  түсімде  жолығасың,
Құндақтаулы  бірақ  та  қолы-басың.

Ұзақ  қарап  тұрасың,  үндемейсің,
Көзіңменен  бір  сырды  жүлгелейсің.

Сол  сәтте   құшақтауды  лайық  көрдім…
Қол  созып  ем,  із-түзсіз  ғайып  болдың.

Мен  өзіңді  Тәңірдей  барға  санап,
Іздеп  келем  әлі  де  далбасалап…

Бұл  өмірде  барсың  ба  Сен – ДЕМОКРАТИЯ?!

Оқи отырыңыз

2 Comments

  1. Tokhtarbay 12 Қыркүйек 2012 at 9:30

    Жарайсың бауырым!
    Көптің ойын айтқан нағыз ақын өзіңсің

    ағаң Тоқтарбай С.

  2. Оразбек САПАРХАН 9 Қазан 2012 at 23:08

    Өлең десе өлең….

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!