Саған арнадым…

Жаңалықтар 新闻 1 Comment on Саған арнадым… 17

Саған арнадым


Өзіңе   деген  сезімге  тілім  жетпейді,
«Сүйемін»  десем, сол  сөздің  сөлі   қалды  ма?!
Өзіңді  ойламай  түнім  де,  күнім  де  өтпейді,
Керімсал   бейнең  тұрады  келіп  алдыма.

Мына  тірлікке  сен  үшін келген  екенмін,
Тәңірдей  саған  табындым (Алла  кешірсін!).
Шаршамас  едім,  болса   егер  пендеде  теңің,
Мен  үшін  мәңгі  ескірмес  арман  есімсің.

Жебейді мені  іңкарлық  өзіңе  деген,
Көк  сеңгірінде  бақыттың  самғап  келемін.
Тағдырға  қыңбай,  өзіңнің  тезіңе  көнем,
Көрдей  өмірге  сен  болып шам  жақты  өлеңім.

Десім  бар еді  еңкейтер  ханның да  басын,
Сенің  артыңнан  Мәжнүн  боп  кеткенімменен.
Емдеші  келіп  дертімді, жанның  жарасын,
Қара  тасты  да  балқытар  от деміңменен.

Бақытқа  маспын  өзіңе  кез  болып  көкем,
Бір  өлең  емес,  бір  өмір – бір   меңің  үшін.
Менің  бақытым, тәйірі  сөз  болып  па  екен,
Түндерім  жарық  жайраңдап  күлгенің  үшін.
Шар-ғалам  жарқын,  жер  басып  жүргенің  үшін.

Оқи отырыңыз

1 пікір

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!