Қазақстан, қайдасың?

Поэзия 新诗 1 Comment on Қазақстан, қайдасың? 69

Қазақстан,  қайдасың?


Отаныма  туды  ғой  деп  азат  күн,
Мен  шетелден  елге  оралған  қазақпын.
Шекарадан  өтпей  тұрған  кездегі –
Қиялдағы  Қазақстан,
Ғажап-тын.

Келдім  дағы  бір  күдікке  мінгестім,
Алатаумен  тілдестім,
Сарыарқада   күн  кештім.
Алакөлді  айналдым,
Шалқыған  шалқар  Каспидің
Толқынына  үн  қостым.
Ендей  де,  бойлай  шарладым,
Таппадым  сені  ардағым…

Көк  дөненімді  тағалап,
Ертістің  бойын жағалап,
Қос  қанатымды  сабалап,
Сырдың да бойын сағалап,
Іздеуден  сені  танбадым,
Таппадым,  бірақ  ардағым.

Қыс-жазым  өтсе,  күз дедім,
Ертеңнен  күдер  үзбедім.
Табам   деп  күнде  өзіңді
Жиырма  бір  жыл  іздедім.
Таппадым, бірақ  талмадым,
Қайдасың  менің  ардағым?

Ашылсын  көзім,  жайнасын,
Шешілсін   тілім,  сайрасын.
Ырысым,  құтым  өзімнің –
Қазанымда  қайнасын.
Биі  мен бегін  Алашым,
Адалынан  сайласын.
Адасқан  күндер  айыбын –
Босағама  байласын.
Алашымнан  туған  ұл –
Антынан  берген  таймасын.
Осы  еді  менің  арманым,
Жалғанда  жалғыз  ардағым-
Қазақстан,
Қайдасың?!

Оқи отырыңыз

1 пікір

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!