“Ауыл кеші көңілді” деген ән осы жылы шыққан болатын…

Фотогалерея 相册 No Comments on “Ауыл кеші көңілді” деген ән осы жылы шыққан болатын… 156

Ауыл кеші  көңілді

Өлеңін жазған: Дүкен Мәсімханұлы
Музыкасын жазған: Дәлелхан Әділбекұлы

Аспанында ай күліп,
Аймалаған өңірді.
Өскен жерім тай мініп,
Ауыл кеші көңілді.

Қайырмасы:
Сағыныш пен арманға,
Жаным менің шомылды.
Мынау жарық жалғанда,
Ауыл кеші көңілді.

Осы кештен бастағам,
Махаббаты, өмірді,
Құтты мекен – баспанам –
Ауыл кеші көңілді.

Қайырма айтылады.

Жолға үнсіз қараймын,
Арман таңы сөгілді.
Тосып жүрген арайлым,
Ауыл кеші көңілді.

Қайырмасы айтылады.

Оқи отырыңыз

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!