Дүкен Мәсімханұлы – ҚХР Бүкілмемлекеттік қытай диаспорасы бірлестігінің мүшесі

Біз туралы 关于杜肯 No Comments on Дүкен Мәсімханұлы – ҚХР Бүкілмемлекеттік қытай диаспорасы бірлестігінің мүшесі 66

dahuitang2013 жылдың 2-12 желтоқсаны күндері  аралығында Пекинде ҚХР Бүкілмемлекеттік қытай диаспорасы бірлестігінің IX құрылтайы  болып өтті.
Бұл құрылтайға әлемнің 100-ден астам елінен 450-ге тарта делегат, ел ішінен 500-ден астам делегат қатысты.


Айта кетерлік жайт, бұрындары  тек шет елдерде тұратын қытай ( хань) ұлтының өкілдері ғана диаспора деп есептеліп келген болса, 2000 жылы «Бірлестік» жарғысына өзгертулер енгізілді. Осыған орай Қытайда туып-өсіп, шет елдерде өмір сүретін өзге ұлт ұлт өкілдері де диаспораға (отандас) жатады деп есептелді.
Сол себепті осы жолғы құрылтайға кезінде ҚХР-да туған, қазір шет елдерде тұрып жатқан көптеген өзге ұлт өкілдері (қазақ, тибет, ұйғыр, моңғұл, кәріс, дұңған т.б.) “отандас” ретінде де шақырылды. Солардың бірі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қытай тілі кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор, ақын, аудармашы Д. Мәсімханұлы.
Құрылтай ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өтті. ҚХР төрағасының орынбасары Ли Юаньчао ҚХР  Өкіметі мен ҚКП ОК атынан құттықтау сөз сөйледі. Құрылтай барысында Қытайдың өзге де мемлекет басшылары мен делегаттардың баяндамалары тыңдалып, әр түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Құрылтай соңында ҚХР төрағасының орынбасары Ли Юаньчао шетелден келген өкілдерді арнайы қабылдап, оларға «ҚХР Бүкілмемлекеттік қытай диаспорасы бірлестігінің мүшесі» деген арнайы куәлік табыстады.masim2
Құрылтай соңында шетелден келген делегаттарға үш бағыт (Юньнан, Гюйчжоу, Шандуң өлкелері) бойынша бір апталық экскурсия ұйымдастырылды. Қытайда туып, шетелде өмір сүріп жатқан қазақ баласының атынан аталған құрылтайға арнайы шақырылған профессор Д.Мәсімханұлы Шаньдун өлкесі бағыты бойынша Зинань, Цюйфу, Тай-ань, Циндао қатарлы  қалаларда саяхатта болды.

 

 

 

 

DSC03887

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет: Пекиндегі “Халық құрылтайы сарайы”.

2-сурет. “ҚХР Бүкілмемлекеттік қытай диаспорасы бірлестігінің  мүшесі” куәлігі.

3-сурет. Шаньдун өлкесі Цюйфу қаласындағы Кон-фуцзы ғибадатханасы.

Оқи отырыңыз

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!