Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы университет сайт

Жаңалықтар 新闻 No Comments on Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы университет сайт 58

2014 жылы 10-шы қазанда XI Еуразиялық ғылыми форум аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қытайтанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, белгілі ақын, аудармашы Дүкен Мәсімханұлының 50 жасқа толу мерейтойына орай «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Дүкен Мәсімханұлының 50 жасқа толу мерейтойына орай «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы»  атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция болып өтті

Конференцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласында тұратын зиялы қауым өкілдері, Ресей, Қытай елдерінен белгілі қытайтанушы ғылымдар мен студент-жастар қатысты.

Дүкен Мәсімханұлының 50 жасқа толу мерейтойына орай «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы»  атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция болып өтті

 

Конеренция жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Ерлан Сыдықов жүргізіп отырды. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхамед Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов ҚР Парламент Мәжілісі жанындағы Халықаралық қатынастар жөніндегі комитет төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Астана қалалық Тілдерді дамыту департаментінің басшысы Ербол Ерденбек Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың құттықтау хатын жеткізді. Сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.д.,профессор Әділ Ахметов, ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Несіпбек Айтұлы, ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін атқарушы Сунь Вэйдун, Минар Синан көркем өнер университеті, әдебиет факультеті, тарих кафедрасының ғылым докторы, доцент Абдулах Малкош, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Н. Мұхаметханұлы «Қазақ және қытай халықтары қарым-қатынасының тарихы», «Қазақстандағы қытайтанудың тарихы мен даму беталысы», «Жаңа кезеңдегі Қазақстан мен ҚХР қарым-қатынасы», «Қытай тілі мен әдебиетін зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері», «Қытай тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелері» секілді тақырыпта баяндама жасады.

Дүкен Мәсімханұлының 50 жасқа толу мерейтойына орай «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы»  атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция болып өтті

Конференция барысында университет ректоры Ерлан Бәтташұлы ҚХР ШҰАР Педагогикалық зертеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор, ҚХР мемлекеттік сыйлығының иегері Сұлтан Жанболатов пен ҚХР шыңжаң гуманитарлық ғылым академиясының аға зерттеушісі, профессор, ҚХР мемлекеттік сыйлығының иегері Жақып Мырзаханға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры атағын табыс етті.

Дүкен Мәсімханұлының 50 жасқа толу мерейтойына орай «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы»  атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция болып өтті

Плентарлық жиналыс басталғанға дейін кітап көрмесін аралаған конференцияға қатысушылар іс-шара соңында «Тарихшылардың ұлттық конгресі кітапханасы» сериясы бойынша «Фолиант» баспасынан жарық көрген профессор Д. Мәсімханұлының «Қытай туралы қырық сөз» атты зерттеу кітабының тұсаукесер рәсіміне куә болды.

Оқи отырыңыз

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!