ЖЕКЕ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: 14-ШІ ЖЫЛДЫҢ 14 ҚУАНЫШЫ

Жаңалықтар 新闻 No Comments on ЖЕКЕ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: 14-ШІ ЖЫЛДЫҢ 14 ҚУАНЫШЫ 65

ЖЕКЕ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: 14-ШІ ЖЫЛДЫҢ 14 ҚУАНЫШЫ
– немесе Жұлдыз Байнолла қарындастың: “Бұл жылы қандай жетістіктерге жеттіңіз ?” деген сұрағына орай

Әрине, қазақы геппен айтсақ, “басы аманның малы түгел”, Ел орнында, жұрт тыныш. Бас аман, ден сау. Түптеп келгенде осыған-ақ Алла мың шүкір! Құдайға мың тәубе!
Алайда тірі жан болғасын, әрісі – Ел ертеңі, ұлт қамы үшін, берісі – қара қазан, сары баланың қамы үшін… деп жатпай-тұрмай тырбынасың, қарекет қыласың,.. Бұндай да төккен терің далаға кетпей, еңбегің жанып жатса, ел-жұртың сол азды-көпті еңбегіңді елеп-ескеріп жатса, адамға одан артық не керек?!
Аллаға шүкір, 14-ші жыл Мен үшін жемісті де беркелі жыл болды деп толық сеніммен айта алам. Сол қуанышты жағдайларымның басты-бастыларын Жұлдыз Байнолла қарындастың сұрауына орай осындағы барлық дос-жарандарыммен бөлісуді құп көрдім. Қабыл алыңыздар. Ой бөлісіңіздер!

Бірінші қуаныш:
Қызым Ғайни Астана қаласындағы №48 мектеп-лицейін үздік бітіріп, «Алтын белгісін» абыроймен қорғады. Сөйтіп Елордамыздың төрінде Астана қаласының сол кездегі әкімі, Алаштың айтулы азаматы Иманғали Нұрғалиұлының қолынан куәлік алды. Ата-ана үшін баланың қуанышынан артық не бар дейсің?! Тәубе!

алтын белги 7IMG_0155IMG_0010

Оқи отырыңыз

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы :

Back to Top