Аспан-дастан

Поэзия 新诗 No Comments on Аспан-дастан 40

Аспан-дастан

Аспан, аспан!
Мекені Көк Тәңірдің,
Тәңір қолдап сөз бастап
Топқа кірдім…
– Тоңкөктен

Рухтар көк жүзіне асығады,
Жүректер көкжиекке бас ұрады.

Аспаннан кілең бейне төгіледі,
Сәп салсаң сан танысың  көрінеді:

Мына тұрған, қарашы, арба емес пе?
Үйездеп қойлар жатыр жал, дөңесте.

Мына бір көлбеңдеген аждаһа ма?
Түтінін, әнеу моржа, маздата ма?

Қарашы, мұзды мұхит қозғалуда,
Ал мұнда жанар таулар қоздануда.

Мынаны айтар едім жайын деп мен,
Ал анау Қабанбай мен Райымбектер.

Астында дүлдүлдері ойқастаған,
Ал мұнда ашылыпты шайқасқа алаң.

Кел отыр, мына тұрған тегін қайық,
Ал анау Ертіс, Іле, Еділ, Жайық…

Мына біреу қай өзен көлемдірек?
Жыр жөңкілген бұл өзен «Өлеңжүрек».

Шәрі де бар Аспанда, дала да бар,
Кәрі де бар, жас та бар, бала да бар.

Қыздар да бар (әрине, тыр жалаңаш),
Олармен Ай ғана араз, Күн ғана мас.

Аспай-ақ жер мен көктің шекарасын,
Аспаннан соның бәрін көре аласың.

Алайда жылдап қара, күн, ай қара,
Көзіңе көрінбейді Құдай ғана…

Оқи отырыңыз

Пікір жазу

2014© www.masimkhanuly.kz Авторлық құқық заңмен қорғалады. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Сайт жасаушы : Тоқтар Жетпісбай

Back to Top

error: Content is protected !!